$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы әкімі үнемделген қаражаттан әлеуметтік қызметкерлерге сыйақы бермекші

AstanaTV
22.11.2016ж. 20:00
3516
Алматы әкімі үнемделген қаражаттан әлеуметтік қызметкерлерге сыйақы бермекші

Бюджет қаражатын үнемдеген Алматы әкімдігі әлеуметтік сала қызметкерлеріне сыйақы беруге шешім қабылдады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы ХIX есептік сайлау конференциясы барысында белгілі болды. Саяси ұйымның жыл бойы атқарылған шаралары талқыланған жиынға партияның хатшысы Фархад Қуанғанов қатысты. 


Айта кетейік, Алматыда «Нұр Отан» партиясының 80 мыңдай мүшесі бар. 720 бастауыш ұйымы жұмыс істейді. Филиал жетекшісінің мәліметінше, жыл өткен сайын мүшелікке қабылдануға ниет еткендердің қатары өсіп келеді. Партияның қалалық филиалының қатысуымен жыл басынан бері 2000-дай қайырымдылық шаралар өткен. Партия үкімет белгілеген тапсырмалар мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыруды қадағалауда. Ең алдымен, депутаттық фракцияның комиссиялары арқылы қаладағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарға Ұлттық қордан бөлінген бюджеттік қаржылардың мақсатты және тиімді жұмсалуы бақылауға алыныпты. Сондай-ақ "қаладағы инфрақұрылымды жаңғырту, су және жылу желілерін дамыту, тұрғын үй саласын нығайту» бағыты бойынша бөлінген  қаржының игерілу барысы да фракцияның тұрақты қадағалауында. Алда келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мұғалімдер, дәрігерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері айлық жалақы көлемінде сыйақы алады. Әлеуметтік аз қамтылған жандарға 50 мың теңгеден беріледі. Қала билігі бюджеттің 123 млрд теңгесін үнемдеген.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы:

Президент біздің алдымызға халықтың әл-ауқаты туралы үлкен міндеттер жүктейді. Бөлінген қаржы дәрігерлер, мұғалымдер және тәрбиешілер, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік жағынан нашар қамтылған жандар үшін қарастырылып отыр. 2016 жылға бюджетті опттимизациялау есебінен үнемделген қаражат қалалық бюджеттен жаалқы алатын осындай азаматтардың мүддесін көздейді.