Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі бірқатар елді мекендерді аралады

23.10.2023ж. 20:00
732
Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі бірқатар елді мекендерді аралады

Маңғыстау облысы Оңды ауылында үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Тұрғындар алкогольден бас тартқанның нәтижесі дейді. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Оңды ауылы қылмыс тіркелмегенімен ғана мақтанбайды. Мұнда жетістік жетерлік. Ауылда 45 шаруа қожалығы табысты жұмыс істеп тұр. Республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шарапатын көруде. Оған қоса, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалар қолға алынбақ.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мемлекет басшысы әр өңір өзінің мүмкіншіліктерін ескеріп дамуды қамтамсыз ету керек, ішкі мүмкіншіліктерді қарау керек деп тапсырма берген болатын. Оның бір мәселесі ол бұл туристік әлеуетті қолдану. Теңіздін қақпасы болып саналатын Маңғыстау облысы бұл сол теңіздін мүмкіншілігін пайдалануға туристерді тартуға яғни бір туризм саласының өзіңде неше түрлі бағыттар бар.
Нұрлан Ноғаев екі мыңға жуық тұрғыны бар Үштаған, Жарма және Сазды елді мекендерін де аралады. Жиын барысында тұрғындар қоғамдық көлік, медицина, ветеринария, жол, спорт кешені мен балалар ойын алаңдарын салу мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарының барлық тілегі алдағы уақытта шешілетінін айтты.

Жұмабай ОРАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Ауыл жетіліп келе жатыр, дамып келе жатыр. Жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Осы ауыл жөніндегі пікірлерімен ұсыныстарын жеткізіп жатыр. Ризамыз.
Екі күндік жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев Шетпе ауылында да барды, онда Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Елді мекенде мектеп тапшылығын жою мақсатында жаңадан 200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр.