Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жетісулық отбасы бес ғасырлық мұраны сақтап келеді

23.10.2023ж. 20:00
574
Жетісулық отбасы бес ғасырлық мұраны сақтап келеді

Әр жанұяның өз ерекшелігі және отбасылық құндылықтары болады. Талдықорған қаласындағы Андас әулеті 5 ғасырдан бергі құнды жәдігерлерді сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Көне ертоқым, бүркіттің тұмсығы, ат әбзелдері бұл әулетте ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріледі. Әулеттің отанасы Әуезхан апа бұйымдарды елге алып келу үшін 99 рет шекара асқан.

Андас әулеті бес ғасырдан бергі ата-бабаларымыздың қолданған жәдігерлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізген. Халық шығармашылығы мен қазақ ауыз әдебиетін зерттеуге ден қойған отбасының анасы Әуесхан Мажайқызы- 72 жаста. Айтуынша, қазір жастарға дәріптеп отырған қолда бар дүниенің барлығын Алтайдың ар жағынан Қытайдан көшкенде атамекенге алып келген.

Әуезхан АНДАС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазақ халқы ұлттық дәстүрді сақтаудың арқасында осы дәрежеге жетті. Енді бұдан кейінгі жерде де осы ұлттық мұраларды сақтап кейінгі ұрпақтарға үйретіп, жалғастырсақ біздің мемлекетіміз ғасырдан ғасырға жалғасады деген ойдамын.

Андас Омарқын қария 2015 жылы дүниеден озса да ұрпақ есінде мәңгіге қалатындай қызмет жасап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген. Тарихта есімі қалар жан өз заманында суырып салма айтыскер, жазба ақын және тарихшы болды. Әулеттің үлкен ұлы Қажет Андас 2005 жылы Қытайдан көшіп келген. Кейін артынан біртіндеп бауырлары да ата жұртқа қоныс аударған.

Қажет АНДАС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз бір үйде 7 баламыз. 4 ұл, 3 қызбыз. Негізінен 8 баламыз. Менен кейінгі бауырым әкемнің әпкесіне берілген, сол кісінің тіркеуінде. Бұл кісілер енді үлкен кісілер ғой. Аталарының аруағын сыйлайды. Содан көп айта бермейді. Бәріміз шетімізден оқыдық. Қазір біздің бір әулеттен 6 ғылым магистрі шығып отырмыз.

Аталмыш әулет тек жәдігерлерді сақтап қана қоймайды. Қазақ руханиятына арналған 44 кітап жарыққа шығарған. Сонымен қатар, үш атадан бергі қолжазбаларды ұқыптылықпен сақтаған. Отбасының ендігі мақсаты- жеке отбасылық ғылыми шығармашылық қолөнер мұражайын ашу.