$478.96 €533.03 ₽5.22
×

«Ордабасы» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

AstanaTV
23.10.2023ж. 20:00
735
«Ордабасы» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстан Премьер-Лигасының 25-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерды» қабылдады. Чемпиондық атақ үшін алаң иелеріне тең нәтиже де жеткілікті еді. Шымкенттіктер алғашқы минуттардан бастап шабуылдады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов, Шахноз Умаров және Артем Беседин мергендік танытты. Қонақтар тек голмен ғана жауап қайтарды. Голдың авторы - Тимур Чогадзе. Қорытынды нәтиже 3: 1. Осылайша, «Ордабасы» тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанды.

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан өзінің мансабындағы алғашқы чемпиондық туралы ойын айтты:
«Бұл өзінің өмірін футболға арнап, ешқашан чемпион болмаған адам үшін ерекше сезім. Жылдар бойы «күміс», «қола» алып келдік. Тек чемпиондық атақ жетіспей келді»

«ОРДАБАСЫ» ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бауыржан Исламхан
«Ордабасы» ФК жартылай қорғаушысы

«Бұл өзінің өмірін футболға арнап, ешқашан чемпион болмаған адам үшін ерекше сезім. Жылдар бойы «күміс», «қола» алып келдік. Тек чемпиондық атақ жетіспей келді»

Қазақстандық параканоэші Бейбарыс Спатай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. КЛ2 класындағы жарыста Спатай Өзбекстандық Азизбек Абдулхабибовтан жеңіліп, екінші нәтиже көрсетті. Қола медаль жапондық Хироми Тацумиге бұйырды.

KL1 класында Қазақстанның тағы бір өкілі Максим Богатырев өзінің соңғы жарысын өткізді. Ол Иран мен Қытайдан келген спортшылардан кейін үшінші болды.

Сондай-ақ VL3 класында Жаныл Балтабаева «қоланы» жеңіп алды. «Алтынды» өзбекстандық Шахзода Мамадалиева, екінші орынды Қытай өкілі жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Азиаданың пара ойындары қазанның 28-іне дейін жалғасады. 14 спорт түрінен 131 спортшы ел намысын қорғайды. Парааизадада отандық спортшылар жүлдеге ие болды.

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездесті. Ойынның басталуына дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясының 11-орнында, ал Қытай клубы Батыстың оныншы орнында болған.
Бірінші кезеңде Давид Скленичка шайбасының арқасында Барыс алда болды. Екінші кезеңнің басында есеп теңескенімен, артынша Михаил Рахманов астаналықтарды тағы да алға шығарды. Соңғы жиырма минутта «Куньлунь Ред Стар» екінші шайбаны қақпаға кіргізіп, ойынды овертаймға жеткізді. Бірақ бұл кездесуде «Барыс» мықтырақ болды. Қазанның 24-і «Барыс» екатеринбургтік «Автомобилистімен кездеседі.

«БАРЫС» «КУНЬЛУНЬ РЕД СТАР» КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик бельгиялық Антверпенде өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Финалда Бублик француз Артур Фистен 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Турнир барысында Александр Францияның тағы екі өкілін — Грегуар Баррер мен Джованни Перрикарды, сондай-ақ неміс теннисшісі Максимилиан Мартерерді жеңді. Антверпендегі турнирде жеңіске жеткені үшін Бублик 108 000 доллор жүлде алып, 250 рейтингтік ұпай жинады.
Александр өзінің жеңісіне былай деп баға берді:

«Шынымды айтсам, мен екінші атағымды жеңіп алған кезде, жаттықтырушыма: «мүмкін, бұл соңы шығар. Басқа ештеңе жеңе алмайтын шығармын». Қайтадан кортқа оралу, жаңа атаққа ие болу — ең керемет сезім. Бұл менің әлемім».

Антверпен атағы Александр Бубликтің мансабындағы үшінші және осы маусымдағы екінші болды. Маусым айында спортшы Галледегі ATP-500 турнирінің чемпионы атанды.

БУБЛИК БЕЛЬГИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Александр Бублик
Қазақстандық теннисші

«Шынымды айтсам, мен екінші атағымды жеңіп алған кезде, жаттықтырушыма: «мүмкін, бұл соңы шығар. Басқа ештеңе жеңе алмайтын шығармын». Қайтадан кортқа оралу, жаңа атаққа ие болу — ең керемет сезім. Бұл менің әлемім»

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев UFC жеңістерінің саны бойынша отандасы Хабиб Нұрмагомедовты жеңді. Махачев UFC 294 турнирінде австралиялық Алекс Волкановскийді ұтты. Ол үшін бұл жеңіс промоушендегі 14-ші болды.
Хабиб Нұрмагомедов өз кезегінде UFC мансабында 13 рет жеңіске жетті. Аралас жекпе-жектегі мансабында Махачев 25 жеңіске жетті және бір рет жеңіліске ұшырады.

Сондай-ақ, Хамзат Чимаев орта салмақтағы UFC белбеуіне басты үміткер болғанын атап өткен жөн. Бұл өткен турнирде Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Нигериялық Камара Усманды жеңгеннен кейін мүмкін болды. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Чимаевтың жеңісімен аяқталды. Қазіргі уақытта орта салмақтағы белбеу американдық Шон Стрикландқа тиесілі.

МАХАЧЕВ НҰРМАҒАМЕДОВТІ БАСЫП ОЗДЫ

Чимаев - UFC белбеуіне басты үміткер
Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)
Winline қосымшасын жүктеп алыңыз
5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда
5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!
Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.