Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Қазақстан нарығында жаңа шетелдік дәрілер пайда болады", - И. Мукатова

23.10.2023ж. 20:00
548
"Қазақстан нарығында жаңа шетелдік дәрілер пайда болады", - И. Мукатова

Астанада респираторлық медицина мамандарының Х сьезі өтті. Онда қауымдастық төрағасы Ирина Мукатова Қазақстан нарығында жаңа шетелдік дәрілер пайда болады деді. Айтуынша, ол арқылы бронх демікпесі мен ауыр аллергиялық аурулардың алдын алуға болады. Қазақстанда дерт түрлері бойынша жедел респираторлық аурулар бірінші орында тұр. Жиынға отандық пульмонолог, аллергологтармен қатар АҚШ, Канада, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген дәрігерлер қатысты. Олар медицинадағы инновациялық жаңашылдықтарды талқылады.

Ирина МУКАТОВА, РЕСПИРАТОРЛЫҚ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан нарығында пайда болатын дәрі-дәрмектер ресейлік, америкалық және еуропалық өнім болады. Бүгінгі жиында біз респираторлық аурулардың алдын алу шараларын талқыладық. Алдағы уақытта шетелдік медициналық инновациялық технологияларды сатып алу жоспарда бар. Қазір бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз.