Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Тәуелсіздікті қастерлеп, қорғауымыз керек",- Е.Қарин

24.10.2023ж. 20:00
968
"Тәуелсіздікті қастерлеп, қорғауымыз керек",- Е.Қарин

"Біз жалпыұлттық басты құндылығымыз – Тәуелсіздікті қастерлеп, қорғауымыз керек. Сол үшін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз". Осылай деген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент баса мән берген 5 идеологиялық басымдыққа тоқталды.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Қоғамда радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік үстемдік құруға тиіс. Елдегі тұрақтылық пен береке-бірлік – егемендік мен мемлекеттілікті сақтаудың маңызды алғышарты. Адал еңбек пен жауапкершілік игі істердің ұйытқысы болуға тиіс. Қоғамда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі керек. Биыл 298 мұғалім мен дәрігердің, 259 ауыл еңбеккерлерінің, 119 еңбек ардагерлерінің, 88 өндіріс саласы қызметкерлерінің мемлекеттік наградалармен марапатталуы кездейсоқтық емес. Мемлекеттік саясаттың мазмұны мен ішкі мақсат-міндеттері осындай мызғымас құндылықтарға негізделеді.