Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Оралда полицей пара алу кезінде ұсталды

AstanaTV
24.10.2023ж. 19:39
533
Оралда полицей пара алу кезінде ұсталды

Орал қаласында полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні болды.

"Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерін ақша алу кезінде қолға түсірді. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.