Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Нұрдәулет Жұмағали Азия пара ойындарының чемпионы атанды

AstanaTV
24.10.2023ж. 21:14
890
Нұрдәулет Жұмағали Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Нұрдәулет Жұмағали Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасында 100 м қашықтықты брасс стилімен жүзіп өту жарысында қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды.

 Нұрдәулетті Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Спортшыларды даярлаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қалған жарыс күндерінде біздің құрамаға сәттілік тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.