Республика күнін Шымкент тұрғындары мен қонақтары ерекше тойлады. Жиналған қауым мерекеде ән-күй тыңдап, көңіл көтерді. Сондай-ақ, Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Республика күнін мерекелеуге байланысты еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылған Мемлекеттік Ту көтеру шарасын елдегі үшінші мегаполис жұрты да тамашалады. «Тәуелсіздік» саябағындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында бас туымыз салтанатты түрде көкке көтерілді.
Салтанатты рәсімге қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тарихи датаның маңыздылығын айта келе жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Іс - шараның мазмұны қазақстандықтардың табысты жетістіктері мен адал еңбектің арқасында бірлікті, жалпыға ортақ атмосфераны құру және елдің басты ұлттық мерекесі Республика күні мерекесінің жағымды үйлесімдігін қалыптастыру дәстүрін енгізу деді сөз алғандар.
Бақтияр ТАЙЖАН ЖУРНАЛИСТ, «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:
Жұбан ақын айтқан ғой кезінде: «Біз қазақ мың өліп, мың тірілген» деп ше.. сол сияқты қазақ өзінің тарихында көптеген зобалаңдарды басынан өткерді. Бүгіндері құдайға шүкір төрт құбыласы түгел, бүкіл әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылатын сондай бір жағдаЙға кеп жатырмыз. Қазақтың туы ешқашан аласармасын. Биікте желбірей берсін.
Іс-шара аясында жастардың бойынша патриоттық рух беретін әндер шырқалып, Республика күнінің маңыздылығы мейлінше түсіндірілді.
Мағжан ИСАХОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл мерекені біздің барша тұрғындар арасында, жастар арасында кең насихаттау керекпіз. Себебі: мағынасы терең, яғни ата-бабамыз біздің білектің күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерді бізге аманат етті. Жастардың тікелей міндеті, парызы бұл -елді аман-есен шекараны сақтап, алдағы уақытта әлемдік мемлекеттердің қатарында терезесін тең қылу.
Мерекені айшықтай түсу мақсатында салтанатты шарада жастар қала тұрғындары мен қонақтарына жалаушалар таратып, құттықтау челлендждін ұйымдастырды.