Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылордада Республика күніне сән-салнатымен тойлануда

Қызылордада Республика күніне сән-салнатымен тойлануда

Қызылордада да республика күні сән-салтанатымен тойланды. Мерекеге орай қалада бірнеше маңызды нысандардың іргетасы қаланды. Аймақтың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапат төрінен көрінді. Сондай-ақ мемлекеттік туымыз салнатты түрде жоғары көтерілді.

Аймақта ұлттық мерекені тойлауға ерекше көңіл бөлінді. Бірнеше күнге жалғасқан шаралар Мемлекеттік рәміздер алаңындағы салтанатты жиынға ұласты. Әнұранымыз шырқалып, көк байрағымыз көкке көтерілді.

Сырдарияның жағасындағы сәулетті қаланың тарихы терең. Тәуелсіздік алған жылдары тұрлап қалған аймақтың тамырына қан жүгірту оңайға соқпады. Бұл жолда талай азамат тер төгіп, маңызды шешімдер қабылданды. Нәтижесінде ел еңсесін тіктеді. Саланатты жиында өскелең ұрпаққа үлгі болар, тарихи сәттерге шолу жасалды. Жиналғандар мерекелік лебіздерін жеткізді.

Нажмадин МҰСАБАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Жалау көтеру, ұлттық мерекені қарсы алу көңіл күйінде тұрмыз. Ұлы мереке бүкіл Қазақстан халқына, Сыр еліне құтты болсын. Әрбір Сыр елінің шаңырағында амандық, береке бірлік болсын.
Зейнулла НҰРМАХАНОВ, ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
Елімізге, жемізге тыныштық тілеймін. Егемендігіміз оңайлықпен келген жоқ. Бүгінгі таңда егемендігіміз өз дәрежесінде алға жылжып келе жатыр. Жастарымыз аман болсын.
Мерекелік шара Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында қортындыланды. Онда бірқатар азамат марапат төрінен көрінде.