$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда қандаланы улау салдарынан тағы 5 адам зардап шекті

27.10.2023ж. 20:00
715
Ақтауда қандаланы улау салдарынан тағы 5 адам зардап шекті

Ақтауда қандала уынан тағы 5 адам зардап шекті. Олардың арасында 13 жасар бала бар. Айта кетейік, бұл қаладағы бір апта ішіндегі екінші жағдай. Оқиға бір-біріне ұқсас. Бұл жолы да көпқабатты тұрғын үй иесі пәтерді күкірт тотығымен улап, өздері кетіп қалған. Салдарынан жоғарыдағы көршілері өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырған.

Әсима ЖАРЛЫҒАСОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Полиция органдары пәтер иесіне 304-бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Бізге 21:20-да 3 а шағын ауданындағы пәтерді улау туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге біздің мамандар келді. Улау қандай препаратпен жүргізілгенін анықтадық. Барлық көршілерге ескертілді. Қала әкімдігінің көмегімен адамдарды эвакуациялау үшін жағдайлар ұйымдастырылды. Анықталғандай улы зат базардан сатып алынған. Оны тек ашық алаңдарда ғана қолдануға болады. Қауіптілігі бойынша екінші класс. Өте улы.