$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Темекіден келетін зиянды азайтудың балама жолдары: Әлемдік тәжірибе және үздік практика"

27.10.2023ж. 20:00
766
"Темекіден келетін зиянды азайтудың балама жолдары: Әлемдік тәжірибе және үздік практика"

Елордада "Темекіден келетін зиянды азайтудың балама жолдары: Әлемдік тәжірибе және үздік практика" атты конференция өтті. Онда сарапшылар аты атап тұрғандай, темекіден келетін зиянды азайту мәселесін талқылады.

Елімізде жастардың вейптерді қолдану статистикасы жыл сайын арта түсуде. Әсіресе, кәмелет жасқа толмаған балалардың саны көп. Дмитрий Жуковтың айтуынша, мәселені тек тыйымдармен шешу мүмкін емес. Сондықтан оған нақты жүйелі тәртіп енгізу маңызды дейді. Өйткені темекі мен электронды вейптарды үстелден алып тастау нормалары әзірге нақты нәтиже көрсетпеген.

Дмитрий ЖУКОВ, "QAZSPIRITS" ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Балалар мен жасөспірімдер бұл өнімдерді әдетте жасырын түрде бастайды. Ата-анасы көрмейтін, аулының артында, тасада еркін қолдануға мүмкіндігі бар. Мәселенің қауіпті тұсыда осында. Себебі оны біз үлкендер байқамай қаламыз. Темекі шегуге тиым бар. Бірақ орындалып жатыр ма? Оларды қазіргі нормалар бойынша сөрелерден алдырып тастады, тіпті қаптамаларын жағымсыз фотоларменде толтырдық.

Елде бір реттік электронды темекіге қатысты заңды күшейту керек. Сараптамалық қоғамдастық тәжірибеге сүйену қажет деді. Мамандар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай техрегламентті сақтау маңызды екенін айтады. Себебі, тиым салынған сайын, көлеңкелі бизнес өрши түстеді,-дейді сарапшылар. Бұл әлемдік тәжірибеде бар.

Еркен НАУРЫЗБЕКОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тыйым салғанмен нәтиже жоқ. Оған бұған дейінгі енгізілген нормалар дәлел. Бізде тауарлардың еркін айналымы бар. Біз оған іс жүзінде тиым сала алмай отырмыз. Оны тоқтату мүмкін емес. Мысалы, бізде денсаулық туралы Кодекс 20 жылы қабылданды. 18, 19 жылдары ол талқыланды. Ол кезде біз бұл не әкелуі мүмкін екенін ескерттік.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың 19% - дан астамы темекі шегеді. Ең көп қолданушылар - 29-38 жас аралығындағы азаматтар. Зерттеуге сенсек, никотинді заттарды қолдану бойынша Қазақстан қазір 60 елдің қатарында. Темекі мен электронды вейптерге байланысты енгізілген нормалар салдарынан рейтингте еліміз жағымсыз нәтиже көрсетіп тұр. Сондықтан бұл бағытта нақты жүйелі тәртіп енгізілуі маңызды дейді,-конференцияға қатысушылар. Ол үшін әлемдік тәжірибе мен үздік практиканы байдалану қажет екенін атап өтті.