$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте бір үйдің бес адамы қайтыс болды

AstanaTV
27.10.2023ж. 17:23
976
Шымкентте бір үйдің бес адамы қайтыс болды

Шымкентте бір үйде бес адам бақилық болды. Опат болғандар ерлі-зайыптылар мен олардың 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалары. Аса ауыр жағдай Ынтымақ шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде бүгін тіркелді.   

Алдын ала болжам бойынша, бір отбасының ажалына көгілдір отынның иісінен улану себеп болған болуы мүмкін. Өйткені оқиға орнына жедел жеткен мамандар газ қондырғыларын қолданудың өрескел кемшіліктерін анықтаған. Қазір жауапты мамандардың барлығы бұл жағдайға нақты не себеп болғанын анықтап жатыр. 

 Сондай-ақ, газ мамандары бұған дейін бұл отбасын газдан ажыратқаны айтылуда. Сол кезде де тексеру кезінде ақаулар анықталған көрінеді.