Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Қара мысық". Өзбекстанда жантүршігерлік тренд пайда болған

AstanaTV
27.10.2023ж. 17:56
1077
"Қара мысық". Өзбекстанда жантүршігерлік тренд пайда болған

Өзбекстанда Хэллоуин мерекесінің қарсаңында қара мысықтарға сұраныс артқан, - деп хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы жергілікті Telegram-арналарда хабар тараған. Елде 31 қазанға дейін қара түсті мысықтарға сұраныс артатын көрінеді.  

1 қарашаға қараған түні жантүршігерлік әртүрлі жоралғы жасау керек деп сенетіндер де бар. Соның бірі - қара түсті жануарды құрбандыққа шалу. 

Жергілікті Telegram-арналарда қара түсті жануарларды сыртқа шығармау, оларды сатпау туралы үндеулер жарияланған.