Өзбекстанда
президент сайлауына алдын ала дауыс беру басталды. Заң бойынша бұл науқан
сайлау белгіленген күннен он күн бұрын басталып, бір күн қалғанда аяқталады. Яғни 24 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды
Интерфакс.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша 9381 сайлау
учаскісі құрылған. Негізгі шараға 21 жарым миллиондай адам ат салысады деп
жоспарланған. Кандидаттар тізімінде премьер-министр Шавкат
Мирзиеев, "Миллий Тикланиш"
партиясынан Сарвар Отамуратов, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы атынан
Хатамжон Кетмонов және "Адолат" партиясынан Нариман Умаров бар.
Саламат ОМАШ