$451.31 €504.56 ₽5.36

Кореядағы әдіс Алматы балабақшасына енгізілді

AstanaTV
13.10.2026ж. 19:00
Кореядағы әдіс Алматы балабақшасына енгізілді

Балалар енді дайын ертегіні тыңдап қана қоймай, кейіпкерлерін өздері ойлап тауып, оқиғасын қиялымен өрбітеді. Алматыдағы №202 балабақша бүлдіршіндері шығармашылықтың жаңа қырын меңгеруде. Бұл әдіс Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру беру тәжірибесіне негізделген.

Тыңдаған ертегілеріндегі кейіпкерді зұлымдықтан енді балалар ойша ғана құтқармайды. Өздері қалауындағы ертегіні құрастырады. Идеяны жүзеге асыруға ата-ана көмектеседі. Осылайша, бұл тәсіл бала, ата-ана және балабақша үштік ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асады. 

САЛТАНАТ ҚҰСАИНОВА, НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Балалардың қиялын дамыту, ой өрісін дамыту, жалпы шығармашылыққа баулу мақсатында осы бір бағытты алып, бір жыл бойы жұмыс жасады. Бүгінгі таңда бір жылдың нәтижесін көрсетіп жатыр. Енді әрине біз әлемдік деңгейдегі жалпы тәжірибені аламыз, бірақ ұлттық құндылықтарды тоғыстыра отырып, қазіргі жаңа дәуірдің парадигмасы дейміз, барлығын көшіріп алу емес, жалпы озық тәжірибелерді ала отырып балаларға тәрбие беру.

Оңтүстік Кореяда балалар балабақшадан шыққан соң бөлек дамыту орталықтарына баратын көрінеді. Ал балабақша меңгерушісі бұл тәжірибені балабақша ішінде енгізуді жөн көріп, бүлдіршіндерге арналған инженерлік зертхана ашты. Бұл балалардың зерттеу қабілетін, логикалық ойлауын және ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі дейді.

ЖАНАР ТҰРАЛИНА, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ РЕСУРТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ӘДІСКЕРІ:

Моторика деді ғой, моторикамен жұмыс істейді зертханада, мысалы. Содан кейін зерттеу қабілеттері дамиды. Біздің де балалардың солай зерттеу қабілеттері жақсы дамиды. Содан кейін мелкая моторика бізде бұрын да солай жұмыс істегенбіз, бірақ оларда кішкене ерекше екен, біз де соны тәжірибе ретінде пайдаланамыз.

Жалпы озық шетелдік тәжірибелерді енгізу жұмыстары 2023 жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде балабақша меңгерушілері Сингапур, Англия, Малайзия, Польша, Германия және Оңтүстік Корея елдерінде тәжірибе алмасқан. Нәтижесінде,шетелден үйренген тиімді бағыттар ұлттық құндылықтармен ұштастырылып, балабақшаға енгізілуде.