Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Костенко атындағы шахтадағы апат: АМТ мемлекет меншігіне өтеді

AstanaTV
28.10.2023ж. 11:40
487
Костенко атындағы шахтадағы апат: АМТ мемлекет меншігіне өтеді

"АрселорМиттал" АҚ мемлекет меншігіне өтеді. Бұл жаңалықты үкіметтің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екенін мәлімдеді.

"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады", – делінген үкіметтің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.