Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«AMANAT» депутаты жарылыс орнындағы жағдай жайлы айтты

AstanaTV
28.10.2023ж. 12:16
642
«AMANAT» депутаты жарылыс орнындағы  жағдай жайлы айтты

Бүгін жарылыс болған Қарағанды облысы Костенко атындағы кен орнына барған Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов мұнда жағдай минут сайын өзгеріп жатқанын айтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл жерде жағдай минут сайын өзгеріп жатыр. Осында таңнан бері жүрміз. Құтқарушылар бес минут сайын хабар беріп отыр. Мемлекет басшысы «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен арадағы келісімшартты тоқтатуды тапсырды. Жерлестеріміздің өмірін қиған ол компанияға қатаң жаза қажет! Кінәлілер жауапқа тартылып, сотқа беруіміз керек. Қазір 23 адам іздестіріліп жатыр. Солар аман-есен шықса екен деп үмітімізді үзбей отырмыз. Құтқарушылар оларды дін аман алып шығады деп сеніп отырмыз»,- деді ол.

Оның айтуынша, емханаға түскен кеншілердің денсаулығына алаңдап отыр.

«Барлығы жақсы болса екен! Мына жерде жағдай өте қиын болып тұр. Сағат он бірдегі мәлімет бойынша, 21 адамның мәйіті табылды. 21. Мұндайда басқа не айтуға болады? «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (АМТ) жұмыс істеген жылдары кәсіпорында жүзден астам кенші қаза тапқан! Бұл - компанияның адам өміріне, еңбек қауіпсіздігінің сақталуына деген немқұрайлылығы. Бірнеше ай бұрынғы апаттан туындаған наразылық пен ескертулерден кейінгі орын алып отырған бүгінгі апат инвестордың жауапсыздығының үлгісі болып отыр», - дейді депутат.