Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Қарағанды шахтасындағы апат: 25 кеншінің денесі табылды

AstanaTV
28.10.2023ж. 14:30
661
Қарағанды шахтасындағы апат: 25 кеншінің денесі табылды

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 25-ке жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 21 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды.