Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

ДДҰ басшысы қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

AstanaTV
29.10.2023ж. 11:56
757
ДДҰ басшысы қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Бұл туралы ол X желісіндегі (Twitter) парақшасында жазды.

“Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын», - деп жазды ДДСҰ басшысы.

Еске сала кетсек, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 36 адамға жеткен.

Бас прокуратура Костенко шахтасындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, компанияның мәліметінше, лавада газ метанының жарылған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды.

Оқиға орнына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Мемлекет басшысы қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.