Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Батыс Қазақстан облысында газ тапшы

30.10.2023ж. 20:00
594
Батыс Қазақстан облысында газ тапшы

Батыста тағы да газ тапшы. Отынның бұл түрі бензиннен әлдеқайда арзан болғанымен, әуресі көп. Қалтаға қолайлы жанармайды таппай, сарсаңға түскен көлік иелері қазір сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ал айласын асырғандары УАТСАП желісінен арнайы топ ашып, қайда газ барын анықтап жатыр.
Мұндай көрініс қазір оралдықтар үшін таңсық емес. Жанармай құю бекетін күні-түні аңдығандардың көрген күні осы.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:
 Амалы таусылған тұрғындар қазір уатсап желісінен "Газ қайда бар" деген парақша ашып алыпты. 250-ге тарта адамның айтатын әңгімесі - біреу! Газ қай жерде бар, кезек көп пе, жоқ па? Біздің кезегіміз жеткенше әлі біраз бар, оған дейін қай жерде газ бар-жоғын білейік.
Ал бұл топқа қосылмағандар сағаттап кезек күтеді. Төзімі таусылғандары бірнеше аптадан бері осылай әуреге түсіпті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Дұрыс емес қой мынадай болуы. Газдың үстінде отырмыз былай. Орал облысынан 80 процент газы шығады ғой Қазақстанның.
- То болады кейбір заправкаларда, то болмайды, то талон дейді. Ана жұмада газ болмағасын жүрген жоқпын.
- Осы газдың арқасында табыс тауып отырмыз. Если бензинге күніміз қарап қалатын болса, вообще семьямызды асырай алмай қалатын күндер болып тұр. Өткенде ана жылы 120-дан болғанда тапқанымыз қапқанымызға жетпей қалды.
Ал шенеуніктер жағдай қалыпты деуден жаңылған емес. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылғасын, көгілдір отын бір ай бойы Ақтөбеден жеткізілген. Бірақ оны таситын тепловоз табылмай, тағы тұрып қалыпты. Бұл аздай, темір жолмен жеткен газды автоцистерналарға қайта бөліп құю керек. Тұрғындарды тарықтырған тапшылық осыдан туындаған.

Миржан НҰРТАЗИЕВ, БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Атыраудан бізге көлікпен тасығандықтан, тезірек болады. Ал мына вагонмен келгесін, оларда кішкене стансаларда тұрады, өзіңіз білесіз, анда-мұнда тұрып қалғасын кейбір вагондардың кешігуі болды. Құдай қаласа, ертеңгі уақытта вагондар жеткізіледі деп ойлаймыз. 15 вагон бізде 500 тонна, сол 15 вагон келе жатыр.
Жауаптылар жағдай ертеңнен бастап түзеледі деп жұбатты. Өйткені бүгіннен бастап, атыраулық зауытқа қайта ауысқан. Енді ешкімді көгілдір отыннан тарықтырмаймыз деп сендіріп отыр. Өйткені өңір тұтынатын газ көлемін өсіріпті.