Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Мекемелер мен тұрғын үйлерге электр энергиясы толық берілді", - Н. Нұркенов

30.10.2023ж. 20:00
547
"Мекемелер мен тұрғын үйлерге  электр энергиясы толық берілді", - Н. Нұркенов

Астана тұрғындары кеше біршама уақыт жарықсыз, сусыз қалды. Қалалық 2-ші Жылу Электр Орталығында желілердің қысқа тұйықталу салдарынан электр өндіру қуаты 530 мегаваттан 120 мегаватқа дейін төмендетілген. Соған байланысты қаладағы су таратушы негізгі және қосалқы станциялар жұмысын тоқтатты. Бағдаршамдар өшіп, көлік қозғалысы қиындады. Жарықтың болмауы 7 аурухананың жұмысына кедергі келтірген. №1-ші көпсалалы емханада ИВЛ апараттары істен шығып, дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне баспалдақпен көтеріп алып баруға мәжбүр болған.

Нұрлан НҰРКЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Энергетикалық ақау кезінде барлық медициналық мекемеде дизельдік генераторлар іске қосылды. Айта кету керек, апат болған жағдайда құрылғылар тек операциялық және жансақтау бөлімдеріне жарық береді. Қазіргі таңда барлық олқылықтар ретке келтірілді. Мекемелер мен тұрғын үйлердің барлығы толық электр энергиясына қосылды. Ешқандай кедергі жоқ.