Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"АМАNАТ" партиясы "Жастар рухы" ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен садақ атудан сайыс өтті

"АМАNАТ" партиясы "Жастар рухы" ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен садақ атудан сайыс өтті

"АМАNАТ" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен садақ атудан сайыс өтті. Оған қала мектептері мен 7 облыстан 300-ге жуық бала қатысты. Негізгі мақсат- елімізде ұлттық спортты дамыту дейді ұйымдастырушылар. Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен қала мектептерінде садақ ату спортын дамыту қолға алынбақ.

Ұлпан АСЫЛБЕК, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Кішкентай кезімнен садаққа қызыққанмын. Кинолардан көріп, тарихи кинолардан көріп қызығып бастадым. Алдыға қойған мақсатым осы садақ үйірмесін жалғастырып, дамытамын деген ойдамын.

Әсетхан БАЙМҰРЗА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұсыныстар келіп жатыр. Осы үйірмелерді мектептің базасынан ашсақ деген. Сондықтан оны ұзаққа алып бармай. Ертерек осы жарысты ұйымдастырып, жастардың қызығушылығын арттырып, қазір 4 мектеппен жұмыс жасап жатырмыз. Яғни, садақ апту үйірмелерін ашу бойынша.