$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарлық нұротандықтар «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясын» қолдайды

AstanaTV
24.11.2016ж. 20:00
2668
Қызылжарлық нұротандықтар «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясын» қолдайды

Қызылжар өңірінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 2 мыңға тарта адам жеке мәселесімен арызданған. Оның әрбір бесіншісіне тікелей көмек көрсетілді. Өзге азаматтарға партиялықтар кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсеткен. Бұл жайында партияның облыстық филиалында өткен есеп беру жиынында белгілі болды.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында "Нұр Отан" партиясына 46 мыңнан астам адам мүше. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7 мыңға артық. Демек саяси ұйымға елдің сенімі жыл сайын артып келеді. Конференцияға жиналғандар Парламенттің қабырғасында қабылданған «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясын» талқылады. Тәуелсіздік жылдарының ішінде қазақ елі толағай табыстарға қол жеткізгені айтылды.

Еркебұлан Мәмбетов, «Мамбетов и К» шаруа қожалығының бас директоры:

Кеше ғана парламент палаталарының бірлескен отырысында тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы қабылданды. Құжатта еліміздің 25 жылда жүріп өткен жолы айқын көрсетілген.

Анатолий Башмаков, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі:

Бұл құжат өте маңызды деп есептейміз. Онда Қазақстанның 25 жылда тындырған жұмысының терең сараптамасы жасалған. Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси бағыттары, экономиканың негізі мен ел тарихы баяндалған. Ертең мәңгілік елді қалыптастыратын рухани инструменттер туралы да айтылған.