$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жалдамалы үйде тұратын адамдар ерте қартаяды. Дәрігер себебін түсіндірді

AstanaTV
31.10.2023ж. 10:47
768
Жалдамалы үйде тұратын адамдар ерте қартаяды. Дәрігер себебін түсіндірді

Ғалымдар пәтерге қатысты түрлі факторларды зерттеді. Қабырға мен төбенің материалы, ғимарат биіктігі, аудан экологиясы, коммуникация ерекшеліктері және т.б факторлар адамның физикалық та, психологиялық та жағдайына әсер етеді. Алайда жақында жарияланған зерттеу нәтижесі үй жалдап тұратын адамдарды шошытты. Зерттеу нәтижесі бойынша, үйді жалдап тұру өз үйіңде тұрғанға қарағанда салыстырмалы түрде адамды жылдам қартайтады екен. Оның себебін невролог Екатерина Демьяновская "Доктор Питер" порталына түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Егер мүмкіндік болса, адам өзіне және отбасына барынша жайлы үй таңдауға тырысады. Үй таңдауға адамның материалдық жағдайы мен жеке талғамы әсер етеді. Бірақ кез келген үй нақты шарттарға байланысты денсаулыққа жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мысалы, бұрын көпқабатты үйде тұратын адамдар жеке үйде тұратындарға қарағанда 60%-ға жиі ауыратынын дәлелдеген зерттеулер болды. Оның себебіне жолдағы көлік пен көршілердің шуы, шаң, сәулелену жатады. Ең жиі кездесетін проблема – тыныс алу органдарының бұзылуы: фарингит, бронхит, пневмония. Сондай-ақ күйзеліспен байланысты жүйке жүйесі жұмысында бұзылыстар пайда болады.


Тұрғын үй өмір ұзақтығына әсер ете ма?

Тұрғын үй шарттары еш күмәнсіз денсаулыққа әсер етеді. Мысалы, үй ішінің тар және суық болуы денсаулыққа зиян екені баяғыда-ақ дәлелденген. Алайда қазір ғалымдар тұрғын үйдің адам денсаулығына әсер ететін басқа да аспектілерін бағалауды бастады.

Зерттеу авторлары қартаю процесін көрсететін көрсеткіш ретінде ДНҚ метилденуін таңдаған. Бұл биологиялық жастың эпигенетикалық биомаркері. Оны компьютерлік бағдарлама молекулярлық-генетикалық анализ негізінде есептейді. Бұл әдістің болашағы бар, бірақ ол әлі толық зерттелмеген. Бұл жайлы зерттеу авторлары да айтқан, сондықтан олар зерттеу нәтижесіне аздап сыншылдықпен қарауды сұраған.


Жалдамалы үй қартаюды жақындатады

Зерттеу жеке үйді жалдап тұратын адамдардың биологиялық қартаю жылдамдығы артатынын байқаған. Бұл көрсеткіш өзінің жеке үйінде тұратындарға қарағанда жоғары болған. Алайда факторларға анализ жасаған кезде қартаюдың жылдамдауына әсер ететін бірінші себеп – тек жалдамалы үйде тұру факті емес, сондай-ақ төлем бойынша қарыздың болуы екені анықталған. Сонымен қатар, оған үй орналасқан ауданның қолайсыз экологиялық факторы да әсер еткен. Яғни, қартаюға үйді немесе пәтерді жалдап тұру факті емес, пәтердің ай сайынғы ақысы мен адамның қаржылық жағдайы әсер етеді.