Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам 1 жылға бас бостандығынан шектелді

AstanaTV
31.10.2023ж. 15:26
492
Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам 1 жылға бас бостандығынан шектелді

Ақмола облысында балаларына алимент төлемей жүрген ер адам 1 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астрахан ауданы прокуратурасының прокуратурасының араласуынан кейін биылғы үшінші тоқсанда 2 борышкерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды. Мысалы, борышкер "Н" 2022 жылдан бастап алимент төлемеген. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде аудандық соттың қаулысы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң өзіне тиісті қорытынды шығармай, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтаруды жалғастырған», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты борышкерге айыптау үкімі шығарылды. Сот ер адамды 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.