Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Көмір департаменті басшылары мен қызметкерлерінен жауап алынды". Бас прокуратура мәлімдеме жасады

AstanaTV
31.10.2023ж. 15:09
505
"Көмір департаменті басшылары мен қызметкерлерінен жауап алынды". Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото ©️ Tengrinews.kz / Айым Амрина

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Костенко атындағы шахтада болған оқиғаларды әлі де тергеп жатыр, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Газ-метан қоспасының жарылуының себептерін анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнына алғашқы тексеріс жүргізілген.

"Ауысым қызметкерлерінен, "АМТ" Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамасы, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды. Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары, басқа да сарапшылар тартылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттар талданып жатыр. 

"Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі. Қылмыстық іс бас прокурордың бақылауында", - делінген ведомство мәліметінде.