Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

2024 жылы қандаланы дезинфекциялайтын фирмаларға лицензия беріледі

AstanaTV
31.10.2023ж. 19:38
460
2024 жылы қандаланы дезинфекциялайтын фирмаларға лицензия беріледі

Елімізде қандаланы жою бойынша дезинфекция жүргізетін фирмаларға лицензия беру қайта қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір осы сала қызметіне лицензия енгізу жұмыстары жүріп жатыр. 2007 жылға дейін бұл қызмет лицензияланған, ал 2007 жылдан бастап лицензия беру тоқтатылды. Қандаланың тарау жағдайы жыл сайын тіркеліп келеді. Осы орайда біз Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік туралы» заңы аясында нормалар енгіздік. Аталған норма 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді», - деді Айжан Есамағамбетова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес лиценциясыз жұмыс істейтін фирмаларға жауапкершілік қарастырылған.

«Егер ол жеке тұлға болса, онда 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) шағын кәсіпкерлік субъектілері – 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері – 80 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілері – 150 АЕК», - деп толықтырды спикер.