Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Қалыңмалы - 10 мың доллар, ана сүті - 500 мың". Қайрат Нұртастың інісінің құдалығы елді таңғалдырды

AstanaTV
31.10.2023ж. 19:06
773
"Қалыңмалы - 10 мың доллар, ана сүті - 500 мың". Қайрат Нұртастың інісінің құдалығы елді таңғалдырды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші рет шаңырақ көтерген ұлы Заңғар Нұртастың құдалығынан видео жариялады. Онда ол қалыңмалға қанша бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жүктеген видеода продюсер құдаларына апарған қоржындарын көрсетті. 

Алдымен жаңа түскен келінге сырға салынды. Кейін ас тартылып, қоржын көрсетілді. Қоржынның ішінде аталарына қолдан тігілген жастықтар, әжелеріне 9 шапан, әулеттің үлкен апасы мен құдағиға бриллиант сырға, әжесіне де шапан, алтын сырға мен ақ орамал, келіннің 9 жастағы сіңлісіне де бриллиант сырға, ал құдаға арнайы қолдан тігілген шапан мен бриллиант жүзік, келінге де бір сандық киім сыйға тартылды. Сондай-ақ, продюсер келніне "өзім сияқты королева болсыншы" деп түрлі көйлектерді де табыстады. 

Гүлзира Айдарбекова құдаларына апарған қоржындарын көрсетіп, дәстүр бойынша қалыңдықтың қалың малын берді. 

"Әке күші - 500 мың, ана сүті - 500 мың, қалыңмалы - 10 мың доллар, сонымен қатар, өлі-тірісі бар", - деді Гүлзира Айдарбекова.