Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шымкентте төртінші қабаттан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайы ауыр

AstanaTV
31.10.2023ж. 23:22
859
Шымкентте төртінші қабаттан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайы ауыр

Шымкентте төртінші қабаттан құлаған бес жасар қыздың ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Otyrarkz-тің хабарлауынша, кеше, 29 қазанда 2018 жылғы қыз бала төртінші қабаттан құлап кеткен.

Оқиға Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Анасының сөзінше, қыз москит торына сүйеніп тұрған сәтінде құлаған.

"29 қазан сағат 23:20-да "103" қызметінен хабарлама түсті. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Қаратөбе тас жолында көпқабатты тұрғын үй пәтерінің терезесінен 4-қабаттан абайсызда пәтер иесінің 2018 жылы туған қызы құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған", - деді Шымкент төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі Әлімжан Хадидханов.

4-қабаттан құлаған қыз жедел-жәрдем көлігімен дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, ол жансақтау бөлімінен нейрохирургияға ауыстырылған.