$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Пәтерді сатқан жағдайда жалға алушыны қуып шыға алмайсың", - заңгер

01.11.2023ж. 20:00
958
"Пәтерді сатқан жағдайда жалға алушыны қуып шыға алмайсың", - заңгер

Иә, баспана жанды жеріміз. Жалақыдан жырғанын пәтер сатып алмақ түгілі жалдауға жеткізе алмай жүргендер жетерлік. Ақысын төлесе де өз үйіңдей еркін тұра алмайды. Қит етсе қожайын келеді. Айтқанымен жүргізеді. Тіпті қалаған кезінде пәтерінен қуып шыққандарын талай көрдік. Алдын ала төлеген ақысын қайтара алмай қалатындары бар. Пәтер жалдағанда нені ескеру керек? Толығырақ "ЭКОНОМИКА" топтамасында.

Пәтер жалдау жүйкені жұқартып, төзіміңді тауысатын шаруаға айналған. Қожайынымен тікелей тілдесудің өзі мұң. Риэлтор беттестіреді, қызмет құнын алады. Уақытша тұратын баспананың ақысын ай бұрын төлеуге міндеттісіз. Онсыз ешкім пәтеріне кіргізбек түгілі есігінен сығалатпайды. Оған қоса депозит беруді талап етеді. Егер мүлкін бүлдірген жағдайда бұл қаржы кепілдік болад(ы). Еш зиян келтірмесе баспананы босатқан кезде қайтарып алад(ы). Дәл осы депиозитін қайтара алмай, дауласатындар көбейді. Сондықтан келісімшартқа енгізілуін бақылаңыз. Үй иесі "жалдама ақысын өсіремін, үйді босатыңыз" деп еш себепсіз қорқыта алмайды. Егер қожайын үйді сатып жіберген жағдайда да жалға алушы көшуге міндетті емес.

Тлеужан КІШКЕНЕБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Енді сату үшін де бұл кісілерге ескерту жасалу керек. Нақты сатып алушы келу керек. Оның үстіне сатып алушыға да айтылу керек. Біз бұл үйді жалға беріп қойғанбыз бір жылға. Күтсеңіздер. Содан кейін договор бітеді, одан кейін босатып береді деген сияқты. Егер тараптар келісе алмаса соттасу керек. Соттада жалға алушы жеңіп шығады.

Айшылық алыс жерге қалтаңызда қомақты қаржы болмаса жылдам жете алмайсыз. Әуе билеттерінің құны аспандап тұр. Аяқасты сапарлайтын болсаңыз тіпті қиын. Билет таппайсыз. Жолыңыз болғанның өзінде құны 10 есеге дейін қымбат болады. Бір жылда ұшақтардың қызметі 6,8 пайызға өскен. Мұнайдың астанасы Атырауда 49, Батыс Қазақстан облысында 43, Қызылордада 24 процентке қымбаттаған. Керісінше 6 өңірде билет бағасы арзандаған. Жыл басынан бері әуе компаниялардың қызметін 10 миллион жолаушы пайдаланды. Ал әуе көлігімен тасымалданған жүк көлемі 17мың тоннаны құрады. Оның 10 мың екі жүз тоннасы Алматыға, 4 жарым мың тоннасы Шымкентке жеткізілді. Ал 2 мың алты жүз тоннасы Астанаға тиесілі.

Алыс жолға бұрындары құрт алып шығатын. Ешқандай ырым үшін емес. Қарын аштырмайды. Алайда ағарғанның да бағасы аспандап барад(ы). Сүт өнімдері 16 пайызға өсті.

Мәселен, сүт 20 процентке, ірімшік 11%, айран 17,5%, қаймақ 16%, йогурт 10% қымбаттады.

Шұбат пен қымызбен шөлімізді қандыру келмеске кеткені қашанн. Ұлттық сусындарды тек емдік қасиеті үшін тұтынып жүрміз. Олардың да бағасы 5,7 процентке артқан. Қуантарлығы, өндіріс көлемі ұлғайыпты. Жыл басынан бері шамамен 444 миллиард теңгенің өнім шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 процентке артқан.

Мендегі бар ақпарат осы. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Сүт өнімдері 16 пайызға қымбаттады

Сүт 20%

Ірімшік 11%

Айран 17,5%

Қаймақ 16%

Йогурт 10%