Солтүстік пен шығыстағы сақылдаған сары аяздың беті қайтты. Бір жұмаға дерлік созылған қатты аяз бен боран салдарынан Қазақстанның әр аумағында 837 адам құтқарылды. Оның 54-і балалар. Ал аялдамаларда қатқан адамдар...
С
семи часов до 8 стоял. Нет ни 14, ни 5, ни 10-ки. Вот час стояли. Там человек
30 стояло.
И мороз был под 30 градусов.
Ал Алматыда қардың тоқтамай
жауғаны рас. Бірақ әкімнің «шектен тыс қар жауды» дей бергені... Жұрттың -енді
қар жаумай, тас жауа ма?- деп ызаланатыны, ашуын мынадай ащы әзілмен жеткізуі
түсінікті.
"Адамдар, қар жеңіздерші... "
Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек ақыры қар жинау үшін қосымша 400 млн теңге бөлінетінін айтты. Көше тазалаушылардың айлығын 20 пайызға көтеріп, қосымша жұмыс күшін жалдамақ.
Алайда синоптиктер аяздың аз уақыттан күшіне қайта мінетінін айтып отыр. Сонымен бірге қар тағы да басып салмақ. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында. Ішкі істер министрінің төтенше жағдайлар бойынша орынбасары Юрий Ильин айтты...
Осы күндері көпшілік қалтырап жүрсе, жымыңдап, мұрты майланып қалғандар бар. Мысалы, Астанада жүздеген автокөліктердің аккумуляторы қатып, қажетсіз қалбырға айналды. Соларды жылытып беретіндер қызметінің құнын ұшырып жіберген. 7-8 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін өскен. Ал Семейдегі кейбір дүкен иелерінің жылыну үшін кіретіндерден ақша талап етуі ... ақша табу ми-дан емес, мінезден деген дұрыс та сияқты...Дәуренбек Бақдәулет жалғастырады.
Ұйытқыған қар, бұрқасындатқан боран, 40-45 градус аяз. Биылғы күз мезгілінің соңғы айының келбеті осы. Мұндай кезде реті келсе «сүтке тойған мысықтай» үйде жатқанды ұнататындар көп. Алайда білек сыбанып, ақша табуға шығатындар да бар. Аязды күндері көлігі от алмай, атқа жегілген арбадай сүйретіліп жүрген машиналарды көп көрген шығарсыз. Көлігі сыр бергендердің бірі - Сержан Жұманбаев.
Сержан Жұманбаев, Астана қаласының тұрғыны:
Екі күн мүлде от алдыра алмадым. Анда - мында хабарласып, сосын интернеттен мына жігіттерді таптым. Келді міне, от алды Құдайға шүкір. Бағасы болады, 10 мың тенге.
10 мың теңге не бары 10 минуттың ішінде түскен пайда. Ал, сақылдаған сары аяз күні аккумуляторды жылытып беру қызметінің құны едәуір артқан. Мына Бекжан деген азаматтың осы кәсіпті игергеніне 3 жылдың жүзі болыпты. Қосымша қызметінің арқасында өз отбасын асырап қана қоймай, ата-анасынада қолғабыс етеді екен.
Бекжан Әлиақпаров, автокөлік шебері:
Аязды күні бағалар 15 мыңнан 20 мыңға дейін өсті. Тіпті
30 мыңға барып жатты. Үлкен Камаз, фуралардан 50- 100 мыңға дейін аламыз. Жолда
қалып қояды өйткені.Сосын оларға 2-3 сағат уақыт кетеді. 4 күнгі аязда бір 300
мыңдай ақша таптық, бұйырғаны.
Тәп-тәуір табыс деп, таңдай қағып отырған боларсыз. Ол күні миллиондап табыс тапқандар да бар. Осы іске білек сыбана кіріскендердің жұмысы жүрді, сол күндері. ТЖД 38 рет республикалық және қалалық жолдарды жапқан. Бұл сол сәттерді оңтайлы пайдаланған Қуаныш деген азамат. «Авто доктор» деген шағындау компания құрған. Көлігі от алмай, көмекке мұқтаж болғандарға жедел қызметтік топ жіберіп, соның нәтижесінде өзі де пайда табады.
Қуаныш Айдар, «Авто доктор» компаниясының негізін қалаушы:
Аязды күндері сұраныс өте көп болды. Тіпті бірнеше күн алға заказдар берді. Телефонда дамыл болған жоқ. Адамдар түнде 3,4 те бізге хабарласып жатты.
Хабарласатын жөні бар. Үскірік аяз бет қаратпады емес пе. Тіпті 4 күнгі аязда ел бойынша 4 адам опат болыпты. Олардың екеуі балық ауламақ болып өзен бетіне шыққандар. Ал, аялдамада жанармайы қатып, жетпей жатқан автобусты күткен жолаушылар күтпеген қызыққа тап болған. Кей дәмханалар тегін шәй таратса, кей жүргізушілер жолаушыларды барар жеріне тегін апарып тастапты.
Оразалы Төлебаев, жүргізуші:
Осы аяздарда екі адам ала кеттім. Әйел адамдар баллармен тұрады. Тоңады балалары. Әжелерді, аталарды ала кетесің. Болды ондай, баталарын беріп жатады. Жақсылық жасау керек деп ойлаймын. Оның еш жамандығы жоқ. Жақсылық жасасаң өзіңе қайтып келеді дейді ғой.
Мынау Семейдегі дүкендердің бірінің есігіндегі сурет. Дүкенге кіріп жылыну ақысы 100 теңге. Ал оларға қарсы беттегі дүкен әкімшілігі ерлеген. «Бізге кіріп жылыну тегін, тіпті тегін шәй да береміз» депті. Мұндай көптің алғысына бөленген жомарт дәмхана қожайыны Астанадан да табылды.
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Сол күні, сарышұнақ аяз болған күнді айтам, осы шағын кофе хана әкімшілігі жұртты тегін шәй мен кофе беріп жылтыпты.Олар тіпті өз алғыстарында білдірген. Мысалға бір келуші «Үлкен рахмет сіздердің кофелеріңіз 40 градус аязда бойымызды 40 градусқа жылытты. Аяз болса, тағы да келеміз» деп жазыпты.
Ал кофехана қожайыны қарапайым адамгершілік борышым деп, сұхбат та бергісі келмеді. Тек кофе даярлаушы азамат ғана айтып берді.
Айдар Жәкішев, кофе даярлаушы:
Оқиға былай болды, біздің кофехананың бастығы жұмысқа бір таксимен келген. Кейін ақшасын беріп жатса, ол, ақша алмаймын депті. Неге десе, осындай аязда бір бірімізге көмектесуіміз керек қой деген. Бастығымыз келді де бізге келушілерге тегін шәй мен кофе беруді бұйырды. Адамдар аязға қарамастан көңілді кетіп жатты. Негізі бәріміз бір бірімізге кез келген уақытта жақсылық жасау керекпіз деп ойлаймын.
Иә, осындай
жақсылықтарды көріп адамның азбағаны, заманның тозбағаны байқалатын сияқты. Алайда сынақтар әлі алда - биылғы қыстың қаһарлы болатыны
байқалады - Шығыс өңірі тағы да қалың қардың астында қалды. Шемонаиха ауданында
21 адам жол бойында қалған. Жарма ауданында 2 адам құтқарылды. Ресеймен
шекаралас аумақтағы жол жабық. Тұрғындар төтенше жағдайлар департаментіне
хабарласып, жол жүрудің қиындағанын айтып шағымданып жатыр.
Ал Семейде Ертістегі судың деңгейі 450 сантиметрге көтерілген. Десе де
тұрғындар әлі қауіпсіз жерге көшірілмепті. Су басу қаупі бар аймақта 500-ге
жуық адам тұрады. Құтқарушылар тұрғындарға эвакуацияға дайын болуды ескертіп
жатыр.
Анастасия Скляр, ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің
өкілі:
Ертіс өзенінің бұлай көтерілуі қауіпті. Төтенше жағдайлар қызметі кезекшілік
атқарып,су деңгейін бақылауда. Полковничий аралы су астында қалуы мүмкін. Қазір
онда полиция қызметкерлері тұр. Бөгде адамдарға кіруге болмайды. Тұрғындарды
эвакуациялауға 4 мектеп дайын тұр.
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Негізінде, адамдарды көбінде ортақ қиындық біріктіріп жатады. Бүгінгі тақырыбымыз соның куәсі болса керек. Шенділер бұқара ескертпелерге құлақ асса, қиындық аз болып, адам өлімі тіркелмес еді дейді. Қазір елімізде күн едәуір жылынғанымен синоптиктер желтоқсан мен ақпан айларында бұрқасындат боран, сарышұнақ аяз болады деп болжап отыр.
Дәуренбек Бақдәулет, Ерасыл Құрманғалиев «Біздің уақыт».