Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент: билікті балаларыма мұра ғып тастамаймын

AstanaTV
26.11.2016ж. 20:00
1663
Президент: билікті балаларыма мұра ғып тастамаймын

Осы аптада ақпарат құралдары Президенттің  Bloomberg агенттігіне берген сұхбатынан үзінділер жариялаған. Сонда Н.Назарбаевтың «билікті балаларыма мұра ғып тастамаймын» дегені бар.

«Балаларыма мұра ғып қалдыруды қарастырмаймын, бұл біз талдайтын мәселе емесбиліктің берілуі бізде Конституцияда жазылған»,- деген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Егер мен мерзімінен бұрын отставкаға кетуге шешім шығарсам, президенттің өкілдігі парламент сенатының төрағасына беріледі. Конституциялық жағынан бұл шешілген. Оған қам жемеуге болады... Ал 2020 жылы не болатынын мен сізге айта алмаймын, өйткені ол кездегі шешім бірнеше факторға байланысты. Мен үшін бастысы, мысалы, денсаулығымның мүмкіндігі – мен формада болуым керек, қалағанымдай жұмыс істей алуым керек. Мен айтамын, істеймін – берген уәдемді орындаймын.