Collins сөздігі 2023 жылы кең қолданылған сөз ретінде AI (artificial intellect - жасанды интеллект) аббревиатурасын таңдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі France24 арнасына сілтеме жасап.
- Осы жылы басты назарда жасанды интеллект және оның қалай дамығаны, біздің өмірімізге электронды пошта, стриминг немесе кез-келген басқа футуристік және күнделікті технология сияқты енгені болды, - деді Collins Dictionary басқарушы директоры Алекс Бикрофт.
Сөздік құрастырушылары жыл сөзі 20 миллиардтан астам сөзден тұратын Collins Corpus дерекқорын талдау нәтижесінде таңдалғанын хабарлайды. Онда әлемдегі веб-сайттарда, газеттерде, журналдарда және кітаптарда жарияланған материалдардан, сондай-ақ радио, теледидар арқылы таратылған хабарлар мен күнделікті әңгімелерде қолданылған сөздер қамтылған.
Collins Dictionary нұсқасы бойынша 2023 жылы кең қолданылған сөздердің тізіміне енген басқа сөздер:
Nepo baby – ата-анасының жолын қуған атақты адамдардың балалары;
Greedflation – greed сөзінен алынған (ашкөздік) және inflation (инфляция) - компаниялардың жоғары инфляцияны өз пайдасын арттыру мақсатында бағаны жасанды түрде көтеру үшін сылтау ретінде пайдалануы;
ULEZ (Ultra Low Emission Zone) - экологиялық емес автокөліктердің иелеріне айыппұл салынатын өте төмен шығарындылары бар көліктер аймағы;
Collins Dictionary тізімінде әлеуметтік желілердегі «deinfluencing» немесе «de-influencing» сияқты терминдер де айтылады.