Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"AMANAT" партиясының "КІТАП-AMANAT" жобасы Әулиеата өңірінде жалғасты

02.11.2023ж. 20:00
821
"AMANAT" партиясының "КІТАП-AMANAT" жобасы Әулиеата өңірінде жалғасты

AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы Әулиеата өңірінде жалғасты. Аймақтар арасында алғашқы болып кітап орталығы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында ашылды. Бұл -елдімекендегі тұңғыш кітап орталығы. Осы арқылы партия отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, адамдарды оқуға тарту, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Енді оқырман осы орталықта өздеріне қажетті кітаптарды қол жетімді бағада сатып алып немесе келіп оқуына болады.

Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Өскелең ұрпақты кітап оқуға кітапқа қызығушылыққа. Бұл дүкен есебінде жұмыс істейді сонымен қатар тек дүкен емес осындағы жергілікті жалпы баспадан шығып жатқан жаңа туындылар мен жазушыларымыздың шығармаларын осында таныстырып талқылап, ары қарай жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында мадени ағарту ортағы ретінде ашылып отыр.
Жиынға қатысушылар партияның бұл бастамасын қос қолмен қолдап отыр. Себебі, қазіргі технология дамыған заманда жастарды кітап оқуға тарту- өте маңызды қадам. Балаға оқы деп айтып қана қоймай, олардың кітап оқуына қажетті жағдай жасау керек дейді ұйымдастарушылар.

Әділ ҚОЙТАНОВ, «ҚР БАСПАГЕРЛЕР, ПОЛИГРАФИСТЕР ЖӘНЕ КІТАП ТАРАТУШЫЛАР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әр аудан орталығында облыс орталығында болған дүкендеріміздің бәрі жабылып, қазір адамдарымыз руханиятты төңірегінде бір үлкен ашаршылық пайда болған. Әр облысты осындай дүкендер ашылады. Аманшылық болса осы айдың аяғына дейін 20 облыс орталықтарында осындай дүкендер ашып, іске қосу мақсатымыз бар.