Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада жолаушылар мінген автобус әйелді қағып кетті

AstanaTV
03.11.2023ж. 08:20
621
Астанада жолаушылар мінген автобус әйелді қағып кетті

Астанада автобус әйелді қағып кетті. City Transportation Systems көлік компаниясы мен полиция департаменті оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ massaget.kz-ке сілтеме жасап.

CTS мәліметінше, 2 қараша күні сағат 15:49-да Абылай хан даңғылы – Жансүгіров көшесінің қиылысында №33 автобустың жүргізушісі өз бағыты бойынша келе жатып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жаяу жүргінші №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Автобустың жылдамдығы сағатына 20 шақырым болған. Жүргізуші жол ережесін бұзбаған, апат болмаған. Жұмыс тәжірибесі 6 жылдан асады. Сапар алдында 05:30-да медициналық тексеруден өткен. Демалыстан кейін бүгін жұмысқа шыққан, - деді көлік компаниясы.

Алайда Астана полиция департаменті басқа ақпарат таратты. Олардың мәліметінше, әйел бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан. Астаналық полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.