Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

1,5 сағат жансақтауда жатқан: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақтаған

AstanaTV
03.11.2023ж. 08:30
771
1,5 сағат жансақтауда жатқан: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақтаған

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақпен кесіп тастаған. Алайда күдікті тек 2 күн қамауда отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зардап шеккен әйел қазір ауруханада жатыр.  

"27 қазанда сағат 16.53 шамасында Талдықорғанда бұрынғы жігітім тап беріп, мойын тұсымды пышақтады. Жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қаладағы көпсалалы ауруханаға апарды. Менің жарамды таңып, 1,5 сағаттай жансақтау бөлімінде жаттым, артынша коридорда жаттым. Кейіннен мені ІІБ полицейлері алып кетіп, отыра алмайтын, жүре алмайтын жәбірленушіден жауап алды. Маған тап берген жігіт 1 күн тығылып жүрді, сосын ол табылып, тек 2 күн қамауда отырып, артынша бұзақылық бабы бойынша босатылды", - дейді зардап шеккен әйел. 

2 қарашада қыздың анасы ер адам не үшін қамаудан босатылғанын білу үшін ішкі істер басқармасына барған. Тергеуші күдіктіні ұстап отыратын себеп болмағанын, оқиғаға қыздың өзі кінәлі екенін айтқан. 

Күдікті жәбірленуші қызбен бір аулада тұрады екен.