Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент «Нұр Отан» партиясының халық алдындағы беделі зор екенін айтты

AstanaTV
25.11.2016ж. 20:00
2854
Президент «Нұр Отан» партиясының халық алдындағы беделі зор екенін айтты

Президент «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Елбасы «Нұр Отан» партиясының мемлекетіміздің даму жолында атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды. Елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып келе жатқанын атап өтті. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жұмыстары жайлы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Талай саяси науқан, жиын, сайлауларда «Нұр Отан» партиясы өзінің ұйымшылдығын көрсетіп, халық арасындағы беделін көрсетіп, қолдап, көп жетістіктерге жетіп, халықтың басын қосып ұйымдастырды. Көп этносты еліміздің басын қосып, тыныштықты сақтауда да партиямыз көп жұмыс істеп келе жатыр, алдында тұрған міндеттер де өте көп.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Барлық мемлекеттік бағдарламалар «Нұр Отан» партиясының қатысуымен жасалған халыққа арналған бағдарламаны халықтық партия бақылап отыруы керек деп тапсырған болатынсыз. Ел экономикасын жаңа деңгейге көтерген "Нұрлы жол", бизнестің жол картасы, "Агробизнес- 2020" - осы бағдарламалардың орталық және өңірлік деңгейде орындалуын партия қатаң бақылауында ұстап отыр.