Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тоқаев Ердоғанды Түркияның 100 жылдығымен құттықтады

AstanaTV
03.11.2023ж. 12:20
550
Тоқаев Ердоғанды Түркияның 100 жылдығымен құттықтады

Елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті басталды, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысушыларды қарсы алды.

«Түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы – Қазақстанға қош келдіңіздер!
Ең алдымен, бауырым Реджеп Тайип Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді. Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды.
Сондай-ақ қадірлі Ильхам Гейдароғлы Әлиев мырзаны және Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтаймын! Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты.
Сонымен қатар, Ұйымның қазіргі төрағасы Өзбекстан Президенті, құрметті Шавкат Миромонович Мирзиёевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ерекше алғысымды айтамын»,-деді Президент.