Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Әнші Ayree белгісіз азаматпен көзге түсті

AstanaTV
03.11.2023ж. 17:31
772
Әнші Ayree белгісіз азаматпен көзге түсті

Отандық әнші Ayree осыған дейінгі сұхбатында басы бос екенін айтқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында белгісіз азаматпен сурет жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суретте әнші белгісіз жігітпен суретіне "day x", - деп жазып қойды. Сондай-ақ әнші екеуінің суретінің жанына жүрек белгісін де қойған. Еске сала кетейік, осыған дейін Ayree болашақ сүйіктісіне қоятын талабын мәлім етті.

"Бастысы жақсы адам болса болды деп айта алмаймын. Мен өзім 24/7 жұмыс істейтін адаммын. Сол себепті ғашығыммен ортақ әңгімеміз, ортақ қызығушылығымыз болғанын қалаймын. Маған да, үкіметке де, халыққа да пайдалы адам болса деймін. Мемлекетке қызмет еткенін қалаймын", - деген болатын Ayree.