$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында полиция қызметкері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

03.11.2023ж. 20:00
1338
Қостанай облысында полиция қызметкері кісі өлтірді  деген күдікпен ұсталды

Қостанай облысында полицей әйел кісі қолынан қаза тапты. Полиция департаменті марқұмның денесі өз үйінің ауласынан табылғанын хабарлады. Күдікті ретінде күйеуі ұсталып, қамауға алынды. Ерлі-зайыпты полицейлер ажырасуға арыз берген көрінеді. Қылмыстық іс ішкі істер министрлігінің бақылауында. Істі тергеуге Астанадан арнайы топ келді.

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

ҚР ҚК 99-бабы, «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Жәбірленуші мен күдікті ресми некеде болған. Екеуі де полиция қызметкерлері. Ажырасу процессі күтілген.Отбасында екі жас бала бар.