Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада Түркі мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері бас қосты

03.11.2023ж. 20:00
970
Астанада Түркі мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері бас қосты

Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің жабық отырысы өтті. Жиынға халықаралық ұйымға мүше және байқаушы елдердің сыртқы істер министрлері мен өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар Өзбекстанның ұйымға төрағалық еткен уақытта атқарған жұмысын қорытындылады. Тізгінді ұстайтын Қазақстанның жоспары айқындалды. Ұйым аясындағы салалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына, атап айтқанда, экономика және көлік салаларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушылар Түркі мемлекеттерінің 2023-2027 жылдарға арналған көліктік коммуникациялар бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Сауда-экономикалық байланыс та қарқынды дамып жатыр. Өткен жылы Қазақстан мен Түркі мемлекеттерінің арасындағы тауар айналымы 13 млрд АҚШ долларын құрады.