$516.91 €586.33 ₽6.3
×

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды

AstanaTV
04.11.2023ж. 11:30
841
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды.

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

«Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады» - делінген хабарламада.