Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

AstanaTV
05.11.2023ж. 13:58
722
Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

Орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 11К) қарсыласы ауысты. Отандасымыз 17 қараша күні Ташкентте чилилік Хулио Аламоспен (17-1, 9К) жұдырықтасатын болды, деп жазды  massaget.kz.

Хулио Аламос өзінің соңғы кездесуін орта салмақта IBO чемпиондық белбеуі үшін өткізген. Қазіргі уақытта ол Boxrec рейтингінде әлем бойынша 23-орында тұр.

Бұл кездесуде орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде, яғни кездесудің жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады! Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр, - деп хабарлады Adal Promotions компаниясы. 

Айта кетейік, Мейірім бұған дейін неміс боксшысы Винсент Файгенбутцпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Алайда қарсыласы жарақат алып, жекпе-жектен бас тартқан еді.