Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Елімізде 1 мыңға жуық кәсіпорын жұмысшыларына айлық бермей келген

AstanaTV
06.11.2023ж. 10:27
441
Елімізде 1 мыңға жуық кәсіпорын жұмысшыларына айлық бермей келген

1 қарашадағы жағдай бойынша 915 кәсіпорынның 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд теңгеден астам жалақы қарызы бар екені анықталды, деп хабарлайды Kazinform Еңбекминге сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестеcі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Оларға 5,3 млрд теңге төленді.