Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады

AstanaTV
06.11.2023ж. 08:19
566
Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Достар, танысып қойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы — біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады, - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және өте ақылды келеді.

«Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді.«Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы — «шапшаң», «епті». Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын «Ғарышкер» деп атадық» деп жазады Димаш Құдайберген.