$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жеке проблемалары болған". Алматы облысында полицей өлі табылды

AstanaTV
06.11.2023ж. 11:24
811
"Жеке проблемалары болған". Алматы облысында полицей өлі табылды

Алматы облысында полицей өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының полициясы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша мұқият тергеуді бастады.

Балқаш ауданының полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығы пәтерлерінің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша дереу тіркелді.

Қайтыс болған азаматтың отбасылық қатынастарда жеке проблемалары болғанын, бұл да қылмыстық істі тергеу шеңберінде тексерілетін айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды. ҚР ҚК 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.