Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Газа секторында қанша қазақстандық бар – СІМ өкілі мәлімдеді

AstanaTV
06.11.2023ж. 17:41
476
Газа секторында қанша қазақстандық бар – СІМ өкілі мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігі қазір Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Египет пен Иорданиядағы елшіліктері қазақстандық азаматтармен байланыста екенін айтты.

"Бүгінгі таңда Газа секторында 76 қазақстандық бар, отбасы мүшелерімен бірге 161 адам", – деді Смадияров СІМ брифингінде.

Айбек Смадияров әзірге азаматтарды алып кету мүмкін емес екенін мәлімдеді.