Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна пішенді өртеп жіберді

AstanaTV
07.11.2023ж. 07:51
559
Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна пішенді өртеп жіберді

Абай облысы Ақсуат ауданында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна пішенді өртеп жіберген.

Оқиға Ақсуат ауданы тұрғындарының бірінің үйінде болды. Полицейлер пішенді екі бала өртеп жібергенін анықтады.

«Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ мал азығын өртеп жіберген. Осының салдарынан шығын көлемі 4 млн теңгені құрап отыр. Енді балалар келтірген материалдық залалды олардың заңды өкілдері төлеп беруі керек», - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

«Егер балалар қараусыз қалғандықтан өрт шығып, біреуге зиян келтірілген болса, онда ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», - деп ескертті тәртіп сақшылары.