Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Балалардың жаңа «ойыны»: Петропавлдықтар көлігін аулаға қалдыруға қорқатын болған

AstanaTV
06.11.2023ж. 22:47
725
Балалардың жаңа «ойыны»: Петропавлдықтар көлігін аулаға қалдыруға қорқатын болған

Петропавлда тұрғындар көліктерін аулаға қалдыруға қорқатын болған. Соңғы кездері қалада біреулер машинаның капотын бүлдіріп, бұрандалы шеге бұрап кетіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде соңғы уақытта көліктерінің зақымданғанын айтып шағымданушылар көбейді. Петропавл тұрғындарының айтуынша, біреулер аулада тұрған көліктердің капотын тесіп, бұрандалы шеге бұрап кететін болған. Бүгінде зақымданған көліктер ондап саналады.

Көпшіліктің пікірінше, көліктерге бұрандалы шеге бұрап жүргендер балалар. Бұл – олардың жаңа «ойыны» болуы мүмкін. Осыдан бірер жыл бұрын өңірде жасөспірімдер көлік доңғалақтарының ниппелін ұрлауды әдетке айналдырған болатын.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полициясы департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде бейнежазбалар жүргенімен, әзірге көлігінің зақымдануына байланысты тұрғындардан не шақырту, не арыз-шағым түспеген. Шара қолдану үшін шақырту түсуі қажет, мәселенің басын ашқаннан кейін «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жаза қолданылуы мүмкін.